Былтыр күзде елорданың сол жағалауын жарықсыз қалдырғандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былтыр күзде елорданың сол жағалауын жарықсыз қалдырғандар сотталды

21.10.2020

Есіл аудандық соты осы оқиғаға қатысты алты адамға үкім шығарды.Естеріңізде болса, 10 қарашада бірнеше ғимарат жарықсыз қалып, 68 миллион теңге шығын шыққан еді. Төтенше жағдай электр желісінен тұтанған өрттің салдарынан болған. Сот сараптамасы негізінде желіні тартқан жоба жетекшілері мен мердігер ұйым басшылары мен қателік жібергені анықталды. Мәселен, құрылысқа жанатын полиэтилен пайдаланылған. Ал, техникалық бақылауға жауапты басшылар құжаттарға бәрі дұрыс деп қол қойған. Кінәлілердің барлығы 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Амангелді Сейітхан 

Есіл аудандық соты сол жағалау

Хабарламаларға жазылу