Ақтауда модульдік инфекциялық аурухана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда модульдік инфекциялық аурухана ашылды

21.10.2020

Ақтауда модульдік инфекциялық аурухана пайдалануға берілді. Жоба 2 айда жүзеге асты. Оған демеуші компанияның есебінен 7 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Заманауи медициналық мекеме 200 орындық. Аурухана орталықтандырылған оттегі станциясымен қамтамасыз етілді. Стационар толық іске қосылғанда 200 маман жұмыс істейді. 

Шаяхмедин Берқалиев, модульдік инфекциялық стационардың басшысы:
Жазда қиын жағдайлар болды. Мамандар дайын болмай қалды. Қазір мамандар қосымша білім алды, семинарлардан өтті. 

Аягөз Оралбайқызы

ақтау аурухана

Хабарламаларға жазылу