Павлодарда індеттің кесірінен мектеп жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда індеттің кесірінен мектеп жабылды

20.10.2020

Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде үш оқушы мен мұғалімнен коронавирус анықталды. Білім ошағында сабақ доғарылды. Вирус жұқтырған бастауыш сынып оқушылары, қазір олармен байланыста болған басқа балалардан сынама алынды. Індеттің кесірінен бұл өңірде тұтастай жабылған алғашқы мектеп. Бұған дейін облыс орталығындағы екі білім ошағындағы жеке сыныптарда сабақ ішінара тоқтатылған болатын.  

Әсия Жақыбаева, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау басқармасы басшысының орынбасары:
 -Өз тарапымыздан дезинфекциялау және эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге пәрмен бердік. №34-ші мектеп тұтастай онлайн жүйесінде сабақ беруге көшті. Үш адамның короновирус жұқтырғаны белгілі болған жағдайда облыстың бас санитарлық дәрігері сол нысанды толық жабуға құқылы. Оның үстіне балалар ауырғандықтан осындай жедел шешім қабылданды.

Болат Аманбаев



Павлодар коронавирус мектеп

Хабарламаларға жазылу