Блок-бекеттегі апат: Экс-полицейге қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Блок-бекеттегі апат: Экс-полицейге қатысты сот үкімі шықты

20.10.2020

Мас күйінде көлік тізгіндеп, екі полицейдің өліміне себепші болған Азат Азаматовқа қатысты сот үкімі шықты. Алматы облысы Қарасай ауданының сотында қаралған істе экс-полицейдің кінәсі толық дәлелденіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья Мәди Көшікбаев Азаматовқа Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 1-тармағының 4-бөлігімен белгіленген ең ауыр жаза тағайындалғанын айтты.

Мәди Көшікбаев, Қарасай аудандық сотының судьясы: 
1-баптың 4-бөлігіне сәйкес жаза 7 жылдан 10 жылға дейін деп көрсетілген. Қылмыстық сипатын, келген зардаптарды, зақымдарды ескеріп, ауырлататын мән-жайдың бар екенін ескеріп, сот ең жоғарғы жаза - 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап отыр.

Нұрхан Нұрланұлы

блокбекеттегі апат алматы

Хабарламаларға жазылу