21 қазаннан бастап Түркия, БАӘ, Германияға ұшатын әуе рейстері қысқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 қазаннан бастап Түркия, БАӘ, Германияға ұшатын әуе рейстері қысқарады

20.10.2020

Ертеңнен бастап «Эйр Астана» авиа компаниясының Түркия, Украина, Германия және Біріккен Араб Әмірлігіне ұшатын халықаралық рейстер саны азаяды.

Ыстамбұлға ұшатын рейс жиілігі аптасына 16-дан 12-ге, Дубайға 12-ден 8-ге, Киевке 3-тен 1-ге, Франкфуртқа 6-дан 4-ке дейін кемиді. Шарм Эль Шейх пен Мальдив аралдарына тек туроперторлардың тапсырысы бойынша, яғни чартерлік рейстер ғана қатынайды. Ал ішкі рейстер өзгеріссіз қалады. 

әуе рейсі Эйр Астана

Хабарламаларға жазылу