Павлодарда талапты сақтамаған мердігер жолды қайта төсейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда талапты сақтамаған мердігер жолды қайта төсейді

19.10.2020

Павлодар қаласында жерге түскен жапырақты тазаламастан асфальт төсеген мердігер компания бүкіл жолды қайта салатын болды. Бұған тұрғындардың әлеуметтік желіге салған бейне көрінісі себеп. Айналасы 80 метрлік жаяу жүргіншілерге арналған жолды жаңарту тендерін ұтып алған фирма демалыс күні келіп жұмыс бастаған. Үстінгі бедерін қырып, тегістемей-ақ ескі жолдың үстіне асфальт төсеген. Тіпті, «бұларың қалай?»-деген тұрғындардың ескертулерін де елемеген. Ашынған жұрт шала-шарпы атқарылып жатқан жұмысты ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы жергілікті билікке жолдаған.  

Ержан Иманислам, Павлодар қаласының әкімі: 
-Түгелдей қала ішіндегі «Бонус строй» ЖШС-і жұмыс істеген нысандардың сапасын тексеруді тапсырамын. Бұл мердігерге бұған дейін де шағымдар түскен. Абай көшесін жөндеген кезде де құрылыс қалдықтарын жинамай кетті. Айыппұл төлеттіреміз, бұрынғы жұмыстарынан шикілік шығып жатса сотқа беру керек.

Болат Аманбаев 

Хабарламаларға жазылу