Елімізде кеңселерді жалдау құны арзандаған. Мәселен жыл басынан бері ресторан мен қоғамдық тамақтану орындарын жалдау ақысы 7,2 процентке төмендеген. Ал әкімшілік кеңселер 3,9; сауда нүктелері 3,3 пайызға арзандады. Осылайша өткен жылмен салыстырғанда коммерциялық нысандарды жалдау 3,2 процентке төмендеп отыр.
Бұған коронавирус індетінің өршуі себеп. Десе де карантин талаптарына қарамастан кейбір бизнеске сұраныс жоғары. Әсіресе фитнес-клуб, жаттығу залдарын жалдау 6,7; ал азық-түлік дүкендерін жалдау 2,8 пайызға өсіп отыр.
Досжан Маратұлы