Алматыда «Kaspi Bank»-ке шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Kaspi Bank»-ке шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр

16.10.2020

Алматыда банкке қарақшылық шабуыл жасалды. Оқиға кеше кешкі сағат 6-ларда Сейфуллин және Гоголь қиылысындағы «Kaspi Bank» бөлімшесінде болған. Бейнежазбада 2 ер адам ғимарат ішіне басып кіріп, біреуі әйнекті сындырады. Банк таратқан мәлімет бойынша қарақшылар 2 миллион теңгеге жуық ақшаны алып кеткен. Қазір құқық қорғау органдары қылмыскерлерді іздестіруде.

Дарын Cағитов



Хабарламаларға жазылу