Биыл Екібастұз қаласында мыңнан аса отбасы баспаналы болды. Игілікке мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қол жетті. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа мөлтекауданда қазір тағы 4 үй салынып жатыр. Жыл аяғына дейін тағы 430-дан астам пәтер пайдалануға беріледі. Ал кеншілер қаласында 144 отбасы қоныс тойын тойлауда.
Ақмарал Мусина, қала тұрғыны:Бұған дейін ата-анамызбен бірге тұрдық. Бұл пәтерге 2008 жылы кезекке тұрғанмын бюджеттік қызметкер ретінде. Енді 2 бөлмелі пәтердің кілтін алып, қуанып жатырмыз.
Болат Аманбаев