Келер жылы елімізде әлемдегі ең терең ұңғыма салу жұмысы басталады. Қазір жобаны іске асыруға дайындық жүріп жатыр. Бұрғылау жұмысы Каспий маңы ойпатында жүргізіледі. Әзірге Каспий маңындағы кен орындарында 5-6 шақырым тереңдіктегі мұнай ғана өндіріліп жатыр. Ал «Евразия» жобасы ойдағыдай іске асса, 15 шақырымдағы қорды игереміз. Қазіргі уақытта дүниежүзіндегі ең терең ұңғыма Бразилияда екенін айта кетейік. Ұзындығы 12 мың метр.
Мирболат Тналиев, Геология комитеті төрағасының орынбасары:- Шөгінді қабаттардың орналасуы қима түрінде көрсетілген. Негізі осы жерлер деп нақтыланып, болжап отырмыз.
Ақерке Бектас