Биыл ұшақ билеттерінің бағасы 9%-ға арзандаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ұшақ билеттерінің бағасы 9%-ға арзандаған

15.10.2020

Статистика бюросының мәліметінше, қаңтардан бері авиакомпаниялар 4 млн-ға жуық жолаушы тасымалдаған. Коронавирусқа байланысты былтырмен салыстырған 40%-ке азайып отыр. Авиақызметтің құны Маңғыстау облысы, Шымкент пен елордада айтарлықтай арзандаған. Нұр-Сұлтанда баға 36,5%-ке төмендеді.

Мәселен, Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы билеттің орташа бағасы былтыр 21 мың теңгеден асса, биыл 13 теңге шамасында. Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытына жолаушылар бір жыл бұрын 25 800 теңге төлесе, биыл баға 9 мың теңгеге арзандады. Ал Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды және Қостанайда керісінше билет құны қымбаттады. Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облысында баға өзгерген жоқ. 

Ақерке Бектас 


әуе билеттері самолет билет Авиақызмет

Хабарламаларға жазылу