Семинарлар мен симпозиумдарға жұмсалатын шығындарды қысқартып, үнемделген ақшаны әлеуметтік жобаларға бағыттау қажет. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» фракциясының отырысы кезінде осылай деді. Депутаттар 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын алдын ала талқылау барысында ауылдарды сумен қамтамасыз ету мен фельдшерлік-акушерлік бекеттер және дәрігерлік амбулаториялар салу мәселелерін көтерді. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, бұл мақсаттарға қазынашылық шоттарында игерілмей жатқан квазимемлекеттік сектордың қаражатын қайта бағыттауға болады.
Оңғар Алпысбайұлы