АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Өскеменде атом саласындағы орталық ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Өскеменде атом саласындағы орталық ашты

15.10.2020
АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Өскеменде атом саласындағы орталық ашты

Өскеменде АҚШ Қорғаныс министрлігі Қауіп-қатерлерді азайту агенттігінің қолдауымен (DTRA) салынған Ұлттық ұланның Дағдарысқа қарсы оқу орталығының ресми ашылуы өтті. Мұны Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Нысан 1993 жылғы 13 желтоқсандағы АҚШ пен Қазақстан Республикасының арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес Қазақстанда іске асырылып жатқан «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бірлескен бағдарламасының аясында салынған. Оның мақсаты – адамдар мен қоршаған ортаны қорғау және ядролық объектілерді қорғау үшін мықты әрі сенімді ядролық және физикалық қауіпсіздік жүйесін құру. Қазақстандағы бағдарламаның үйлестіруші органы Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті. 

Дағдарысқа қарсы оқу орталығы Қазақстанның ядролық объектілерін қорғауға жауапты әскери бөлімдердің құрамын даярлау және олардың біліктілігін арттыруға арналған. Сонымен қатар, орталықтың оқу жоспарлары мамандарды тактикалық дайындауға, авариялық жағдайларға ден қоюға, объектілерді физикалық қорғаудың заманауи жүйелерін, компьютерлік қауіпсіздікті зерделеуге, ядролық материалдарды бақылау және оларды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету мәселелеріне оқытуды көздейді.


ядролық объекті маман ядролық қауіпсіздік DTRA

Хабарламаларға жазылу