Әлеуметтік желіде қару көрсетіп мақтанғандар іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желіде қару көрсетіп мақтанғандар іздестірілуде

14.10.2020

Ірі көлемде ақша, тапанша және Калашников автоматы. Алматы облысының полицейлері әлеуметтік желіде таралып кеткен видеоны зерттеуге кірісті.  

Көліктің алдыңғы бөлігінде отырған ер азамат сөмкесін ашып, ондағы тапанша мен қомақты ақшаны көрсетіп мақтан еткен видео әлеуметтік желіде лезде тарап кетті. Сондай-ақ, оның аяғының тұсында Калашников автоматына ұқсас қару көрініп тұр. Қазір облыстық полиция департаментінің қызметкерлері видеоны тексеріп, ондағы адамдарды анықтау үстінде.

Қуаныш Қанатұлы


Әлеуметтік желі Калашников автоматы

Хабарламаларға жазылу