70 мыңнан астам отбасы «Birgemiz» қорынан атаулы көмек алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

70 мыңнан астам отбасы «Birgemiz» қорынан атаулы көмек алды

14.10.2020

50 мың теңге атаулы көмек елдегі 16 қаланың тұрғындарына үлестірілді. Жалпы 7 санат бойынша 100 мыңнан астам азамат біржолғы көмекпен қамтылмақ. Ол тізімде тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын қариялар, жетім балалар мен Ұлы Отан соғысына қатысушылар бар. Бұл жолы көмек бұрын алмаған азаматтарға берілді.

Естеріңізге салайық, «Birgemiz» қоры Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Осы уақыт ішінде қор қаражатынан 550 мыңнан астам мұқтаж азамат 50 мың теңгеден алды. Көпшілік коронавирус тараған қатерлі кезеңде көрсетілген көмекке дән риза. 

Раушан Сайлауқызы


атаулы көмек «Birgemiz» қоры

Хабарламаларға жазылу