Ресейде бір айдан астам уақыт болған қазақстандықтардан саусақ таңбасы алынады және олар міндетті түрде медициналық тексеруден өтуі тиіс. Осындай өзгерістер енгізілген заң жобасы қазір көрші ел үкіметінің қарауында. Медициналық тексеру кезінде азаматтардың есірткіге тәуелділігі немесе бойынан ВИЧ, коронавирус белгілері анықталса, емдеу курсын өтуге міндеттеледі я Ресей аумағынан шығарылады.
Сонымен қатар заңға сәйкес миграциялық карталар электронды форматқа ауыстырылмақ. Мамандардың мәліметінше, Ресей аумағындағы мигранттардың көбінде жұмыс істеуге рұқсаты болмаған. Биылғы жылдың наурызында көрші елде экономикалық одақ елдерінен келген 2,5 миллион адам тіркелген. Сондай-ақ, шетелдіктерге таксист болып жұмыс істеуі үшін Ресейдің жүргізуші куәлігін алуы міндеттелмек.
Индира Бегайдар