Еліміздің Бельгиядағы елшілігінің бастамасымен Еуропалық парламент депутаттары Абайдың қара сөздерін өз тілдерінде оқуды бастады. Еуропарламентке Польшадан сайланған депутат Рышард Чарнецкий Абайдың 19-шы қара сөзін поляк тілінде, ал Тьерри Мариани 4-ші қара сөзін француз тілінде мәнерлеп оқыды. Халық қалаулылары қазақтың бітім-болмысын, мәдениетін Абай арқылы таныту-ұтқыр шешім екенін айтады. Әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеген ұлы кемеңгердің ғибраттық ой түйіндері, өлеңдері мен қара сөздеріндегі философиялық тұжырымдары-жаһан жұртына ортақ рухани байлық, - дейді қос депутат.
Нұрсұлу Қасым