Маңғыстаудағы Құрық ауылында шағын оттегі станциясы іске қосылды. Жоба 21 млн теңге республикалық бюджет қаржысына салынды. Станция аудандық аурухананың жанына орнатылған. Мұнда әрқайсысы 40 литрлік 6 баллон бар. Ондағы оттегі құбыр арқылы әр палатаға келіп тұр. Дәл осындай шағын оттегі станциясы Жетібай ауылдық ауруханасында да салынып жатыр.
Гүлшара Бекнияз,Қарақия аудандық орталық ауруханасы директорының міндетін атқарушы:
-Жазғы пандемия кезінде оттегіні баллонмен тасыдық. Ауру көбейген жағдайда реанимациялық палата іздемей, ауруды орнынан қозғамай жатқан жерінен оттегі бере аламыз.
Аягөз Оралбайқызы