Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімінің қызметкерлері дәрігерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында облыстық медициналық жедел жәрдем ауруханасының қызметкерлерін құттықтап барды.
5- маусымдағы лаңкестік оқиғалар кезінде әскери бөлімшенің бірнеше қызметкері жараланып, олар ақ халаттылардың жедел, сапалы қызметтерінің арқасында аман-сау қатарға қосылған болатын. Әскери бөлім басшылығы ерекше еңбегімен көзге түскен аурухана қызметкерлерін құттықтап, Алғыс хаттар табыс етті. Ал, дәрігерлер өз кезегінде сарбаздар мен бөлім басшылығының жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жақсыбек КЕМАЛ