Орал қаласында тағы кезекші сынып карантинге жабылды. Бұған бір оқушының коронавирусқа шалдығуы себеп. Тексеру барысында індеттің балғынға атасынан жұққаны анықталды. Қазір ол үйде емделуде. Баламен бірге оқыған 14 сыныптасы мен 2 мұғалімнен тест алынып, оларда аурудың жоқ екені белгілі болды.
Естеріңізге салалық, қыркүйек айында дәл осындай кезекші сыныптың екі оқушысынан вирус анықталған еді.
Рауан Диәли