Каспий жағалауында 750 гектар жер бес күн бойы өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий жағалауында 750 гектар жер бес күн бойы өртеніп жатыр

15.10.2020

Атыраудағы Каспий теңізінің маңында 5 тәулік бұрын басталған қамыс өрті әлі сөнген жоқ. 750 гектардай жерді жалын шарпыды. Бірақ күлге айналған аумақтың көлемі бұдан да ауқымды болуы мүмкін. Қатты жел мен батпақ тілсіз жауды сөндіру үшін кедергі келтіріп тұр. Оқиғаға қатысты арнайы штаб құрылды. Бүгінде өртті өшіруге 11 техника жұмылдырылды. Қаланың 4 жерінен 6 ауа сынамасын алған мамандар қамыс иісінен қауіп жоқ, көрсеткіш шекті нормадан аспаған деп отыр. 

Аслан Жеңісұлы, облыстық экология департаментінің ресми өкілі:
Атырау облысы бойынша экология департаменті оңтүстік-шығыстан басталған өртке байланысты Атырау қаласының әр жерінен ауа сапасын анықтау үшін сынама алды. Нәтижесінде желдің бағытына байланысты қаланың ішінде ауа сапасының көрсеткіші қалыпты жағдайда, тұрғындарға келер қауіп жоқ. Егер күн райы тынық, желсіз болса онда ауа сапасының көрсеткіші жоғары болуы ықтимал. Дегенмен жағдай экологтардың тұрақты бақылауында.

Жандос Темірғали

атырау қамыс өрті

Хабарламаларға жазылу