«Аналар үйі» енді бала асырап алу мәселесін мықтап қолға алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аналар үйі» енді бала асырап алу мәселесін мықтап қолға алады

16.06.2016
«Аналар үйі» енді бала асырап алу мәселесін мықтап қолға алады

1613 сәбиді жетімдік тақсіретінен құтқарып қалған «Аналар үйі»  енді бала асырап алу мәселесін мықтап қолға алады. Ірі кәсіпкерлердің бастамасымен құрылған қоғамдық қор – Қазақстандағы жетімханаларды жойып, ондағы қамкөңіл балаларды отбасыларға орналастыру мәселесін оңтайландырмақ. 

Осы мақсатта еліміздің 18 қаласында 25 дағдарыс орталығы ашылған. Тегін кеңес беретін республикалық кол-центр де  іске қосылды. Алдағы екі айда жетім балалар туралы барлық ақпарат жүктелген электронды деректер базасы ашылады. Осындай игілікті істің арқасында соңғы 3 жылда елімізде 4 сәбилер үйі жабылыпты.

 

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу