Ресейде бір тәулікте 244 адам коронавирустан көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде бір тәулікте 244 адам коронавирустан көз жұмды

13.10.2020

Ал індетті жұқтырғандардың саны 14 мыңға жуықтады. Бұл пандемия басталғаннан бері елдегі ең жоғарғы көрсеткіш. Қазір бізбен Мәскеуден тілшіміз Индира Бегайдар тікелей байланысқа шықты. 

Индира Бегайдар, тілші:

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлағанын ескертіп, жақында карантиннің енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Өйткені соңғы үш күнде індет күшейе түсті. Осыған дейін 65 тен асқандарға үйден шығуға тиым салынып, оқушылар ұзақ демалысқа жіберілген еді. Бірақ бұл шаралар нәтиже бермеді. Зейнет жасындағылардың бір күнде метро арқылы 59 мың рет өткені тіркелген. 13 губернатор қазір коронавирус жұқтырып, ем қабылдап жатыр. Вирус 85 аймақта өрши түскен, Мәскеу көш басында.

Мәскеуде түнгі клубтар, сауықтыру орындарының жұмысын тоқтата тұру мәселесі қарастырылып жатыр. Мамандар шамамен 8 қарашаға қарай ауру шарықтау шегіне жететінін айтады. Ол кезде індетке шалдыққандардың саны тәулігіне 20 мыңға жетуі ықтимал деген болжам бар. Осы айдың аяғына қарай вирусқа қарсы вакцинаны тұрғындарға сала бастайды. 


Индира Бегайдар

Ресей коронавирус

Хабарламаларға жазылу