Григорий Марченко жаңа қызметке тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Григорий Марченко жаңа қызметке тағайындалды

13.10.2020
Григорий Марченко жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Ұлттық банкінің экс-басшысы Григорий Марченко Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін екі рет басқарған.

2005 жылдан 2009 жылға дейін «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ (Halyk Bank) басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. Әр жылдары штаттан тыс кеңесші және Президенттің көмекшісі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қазан айынан бастап тәуелсіз сарапшы болды.

Еуразиялық даму банкінің жарғылық капиталы - 7 млрд доллар. Банкке Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттері мүше болып табылады.





Григорий Марченко Еуразиялық даму банкі банк

Хабарламаларға жазылу