Орал тұрғыны коронавирустан кейін қатты әлсіздік пайда болатынын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал тұрғыны коронавирустан кейін қатты әлсіздік пайда болатынын айтты

13.10.2020

Сәуле Загидуллина коронавируске шалдығып, өлім аузынан қалған жанның бірі. Орал тұрғыны сақтанбаудың салдарынан опық жегенін айтады. Бастапқыда үйде емделгенімен, кейін дәрігерлердің көмегіне жүгінді. 21 күн ауруханада жатып, сауығып шықты. Содан бері екі айдан асса да, әлі күнге әлсіздік байқалады. Сондықтан қауіпсіздік шараларына ден қоюдың маңыздылығын ескертеді. 

Сәуле Загидуллина, Орал қаласының тұрғыны:
86 адам бір күннің ішінде түсті. Бірінші күндері жата алмадым. Өте қиын болды. Өкпемнің 20 пайызы қабынған. Қасымдағы науқастардың жағдайы менікінен ауырлау болды. Оттегі аппаратымен жатты. Қатаң сақтану қажет. 

Рауан Диәли

коронавирус Орал сақтық шаралары

Хабарламаларға жазылу