Мүгедек балаларға мемлекет беретін көмекті көбейту керек - Коммунистік партия - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедек балаларға мемлекет беретін көмекті көбейту керек - Коммунистік партия

13.10.2020

Елімізде 80 мыңнан аса мүгедек бала бар. «Оларға мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлықты күшейту керек», - дейді Қазақстан коммунистік халықтық партиясының өкілдері. Әсіресе, карантин кезінде жүріп-тұруы қиын жеткіншектері бар отбасылардың тұрмысы күрделене түсті. Сыртқа шығып, дәрі-дәрмек, медициналық құралдар, гигиеналық зат сатып алудың өзі қиындады. Ал әлеуметтік қолдау мекемелеріне барып, көмекші сұрау, қамқорлыққа алуға өтінішті қарау мерзімі бұрынғыдан да ұзарды. Бұл уақытта мұқтаж жандар жәрдемақы алмайды. Оның үстіне мүгедек баланы бағып отырған ата-ана еш жерде жұмыс істей алмайды. «Сондықтан мұндай отбасыларға қамқорлық жасау рәсімін жеңілдету қажет» деген бастаманы жиынға қатысушылар да қолдады. 

Төлеген Қоқымбаев, ауған соғысы ардагері:
Үкіметтен берілген жәрдемақы оның өзі қазір толық жетпей жатыр. Индексация уақытында өтпейді. Бағалар өсіп жатыр, өздерініз білесіздер. Ол балалар - біздің болашағымыз.

Болат Аманбаев

мүдегек жандар қамқорлық Қазақстан коммунистік халықтық партиясы

Хабарламаларға жазылу