Нұр-Сұлтанға шетелден ұшып келген 104 жолаушы стационарға жатқызылды. Олардың ПТР тест нәтижесі болмаған. Енді тек сынама тапсырғаннан кейін ғана үйлеріне жіберіледі. Ал вирус анықталған жағдайда бірден ауруханаға жатқызылып, ем алады. Тағы бір Канада азаматы еліне қайтарылды. Жалпы өткен түні елордаға 4 рейспен 500-ден астам адам келген.
Оңғар Алпысбайұлы