Жамбыл облысында бұзақылар полицейді ұрып, көлігін тартып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында бұзақылар полицейді ұрып, көлігін тартып алған

13.10.2020

Жамбыл облысында бұзақылар полицейді сабап, қызметтік көлігін тартып алған. Оқиға Шу қаласында болды. Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кешкі сап түзеуден қайтып бара жатқан тәртіп сақшысы Қонаев көшесінің бойында жол үстіне тұрған адамдарды байқайды. Бірнеше мәрте дабыл белгісін басып, ескерту жасаған. Алайда оны елемеген бір топ жігіт ақыры полицейдің өзін соққыға жығып, астындағы қызметтік көлігін айдап кеткен. Күдіктілер ұсталды. Олар 30 жас шамасындағы Шу қаласының тұрғындары болып шықты.  

Мақсат Жаманқұлов, Шу аудандық полиция бөлімінің бастығы:
Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Олардың ешқайсысы бұрын істі болмаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл әрекеті үшін олар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Сәбит Әлдебай

жамбыл облысы Шу қаласы бұзақылық

Хабарламаларға жазылу