Бұдан былай әлеуметтік төлемдер «электронды әмиянға» түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұдан былай әлеуметтік төлемдер «электронды әмиянға» түседі

12.10.2020

Енді әлеуметтік төлем алу үшін банкке барып, есепшот ашудың қажеті жоқ. Бұдан былай әлеуметтік төлемдер «электронды әмиянға» түседі. Тұрғындар ЖСН номері арқылы автоматты түрде цифрлы әмиян аша алады. Қауіпсіздікті сақтау үшін бұған Ұлттық банктің электронды ақшасын пайдалану ұсынылып отыр. Бұл тәсіл банктер банкротқа ұшыраған жағдайда халықтың қаражатын сақтап қалады. Еңбек министрлігі жоба тиімді жүзеге асса, келер жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылардың да қаражатын «электронды әмиянға» салады. 

Ақерке Бектас

әлеуметтік төлем электронды әмиян

Хабарламаларға жазылу