Оңтүстік Қазақстан облысында бүгін түнде қатты дауыл соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгін түнде қатты дауыл соқты

15.06.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында бүгін түнде қатты дауыл соқты

Оңтүстік Қазақстан облысының үш бірдей ауданында  бүгін түнде соққан қатты дауылдан 300-ден астам ғимараттың шатыры ұшып кетті. Түркістан қаласы мен Отырар және Бәйдібек аудандарында жел екпінінің күшті болғаны соншалық, электр бағаналары мен ағаштарды құлатқан. «Қазгидромет» орталығы мамандарының болжамынша желдің жылдамдығы  секундына 25-30 метерге дейін жеткен. Әзірге белгілі болғанындай табиғат апатынан көбірек зардап шеккен Отырар ауданы. Мұнда дауыл 1 балабақша, 2 мектеп, өрт сөндіру бекеті, өкпе аурулары диспансері мен аудан әкімшілігі ғимаратының шатырын ұшырып жіберген. Апаттан ешкім жарақат алып, зардап шеккен жоқ. Ал, Түркістан қаласы мен Бәйдібек ауданында жалпы көлемі 650 шаршы метр жердің жабындысы бүлінген. Бүгін облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов табиғат апаты болған аймақтардың тұрғындарымен жүздесті. Жауапты мамандарға  тұрғын үйлерге келген шығындарды түгелдей тіркеуге алып, халыққа барынша жағдай жасау керектігін тапсырды. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу