Павлодар облысында жас кәсіпкерлерге кепілсіз несие беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында жас кәсіпкерлерге кепілсіз несие беріледі

12.10.2020

«Zhas-Halyk. Ertis» арнайы бағдарламасы 21 мен 30 жасқа дейінгі жеке кәсіппен айналысуға ниетті жастарды қолдауға арналған. Оларға жылдық өсімі 5 пайыз, 15 млн теңгеге дейін кепілсіз несие беріледі. Ол үшін бизнес жоспар дайындап, оның тиімділігін дәлелдеу керек. Өтініштер мен жобаларды 2-ші деңгейлі банк, «Атамекен» палатасы және «Даму» қоры өкілдері бірлесіп қарайды. Бұған дейін бизнес бастағысы келетін жастарға ешбір аймақта кепілсіз несие берілген емес. Ұшқыр жобаны Павлодар бастап отыр.   

Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі: 
-Кәсіпкерлік бастамаларын қаржыландыруға мүмкіндік беріледі деп сенемін. Осы орайда қала және аудан әкімдеріне орта және жоғары білім беру ұйымдарымен жастарға түсіндіру жұмыстарын өткізу және қатысушылардың толуын қалыптастыруды тапсырамын. Жастарға барлық кезеңдерде жан-жақты қолдау көрсетіп, жағдай жасау маңызды.

Болат Аманбаев   


Павлодар облысы кепілсіз несие

Хабарламаларға жазылу