Атыраудағы қамыс өрті Алғабас ауылының іргесіне ойысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы қамыс өрті Алғабас ауылының іргесіне ойысты

12.10.2020

Атырауда екі тәулік бұрын басталған қамыс өрті әлі де ырық берер емес. Қызыл жалын ошағы қала орталығынан 40 шақырымдай қашықтықтағы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Қазір өрт қала іргесіндегі Алғабас ауылының маңына ойысты. Бүгінде 750 гектар жердегі қамыс күлге айналды. Тілсіз жау ерекше қорғалатын «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағын да шарпыды. Қызыл жалынды өшіруге 11 техника мен 46 адам жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрттің шығуына аңшылардың қатысы бар дегенді алға тартып отыр. 

Рашид Біләлов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:  
-Желдің қаттылығы және сол қамыстың батпақты жері өртті өшіруге қиыншылығын тудырып тұр. Техникамыз бара алмайды. Біздің болжам бойынша, қамыстың өртенуі аңшылыққа шыққан автокөліктің кесірінен. 

Жандос Темірғали

Атырау өрт Каспий теңізі қамыс

Хабарламаларға жазылу