Өнеркәсіптің банк алдындағы қарызы 128 млрд теңге - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнеркәсіптің банк алдындағы қарызы 128 млрд теңге

12.10.2020

Биыл Қазақстанда бірқатар саланың банктер алдындағы берешегі 9,5%-ке өсіп кеткен. Ұлттық банктың мәліметінше, кешіктірілген кредиттің сомасы 1 трлн теңгеден асады.

Осылайша қарыз бір жылда 86 млрд теңгеге көбейді. Әсіресе өнеркәсіп саласындағылардың банктерге қарызы 93 млрд-тан 128 млрд теңгеге дейін көбейіп кеткен. Ал өңдеу өнеркәсібіндегілер 118 млрд теңгені уақытында қайтармай отыр. Ақпарат және байланыс саласының да банк алдындағы несиесі аз емес.

Биылдың өзінде 32%-ке өскен. Құрылыс саласындағылар 121 млрд теңге кредитті кешіктіріп жүр. Ал көтерме және бөлшек сауданың қарызы кесірінше 6,2%-ке азайған. 

Ақерке Бектас

Өнеркәсіп банк қарыз несие

Хабарламаларға жазылу