Қырғыз жастары саяси жағдайға «Үміт революциясы» деген айдар тақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз жастары саяси жағдайға «Үміт революциясы» деген айдар тақты

11.10.2020

Қырғыз Республикасындағы ахуалға орай. Парламент сайлауында 7 проценттік кедергіден өткен 4 партияның үшеуі сол кездегі деп айтамыз ба, билікпен байланысты болып шыққасын наразылық бұрқ етті. Оппозиялық партиялардың бір де бірі өтпегенін естіген жұрт алаңға лап қойды. Хронологиясын тізіп жатқымыз жоқ, бір нәрсе –Covid-19 әл бермей кеткен кезде мемлекеттік биліктің функциясын атқарған азаматтық белсенділер, еріктілер, бір сөзбен айтқанда жастар билікке келгісі келген. Демек қазіргі аласапыран тек кландар айқасының нәтижесі ғана емес.     

BBC -дің орыс қызметі жариялаған сараптамада «көп адамның наразылығының себебі коронавирус пандемиясының кесірінен Қырғызстан басынан өткізіп отырған ауыр экономикалық дағдарыс, салық түсімдерінің азаюының кесірінен бюджет кірісінің бестен бірінен айырылды» деп жазды.

Сонымен бірге Жапонияның Кобе университетінің саяси ғылымдар кандидаты, саясаттанушы Даниэль Қадырбековтің төңкеріс жиі болатын Африка елдерін өз еліне параллель келтірген салыстырма пікірін берген: «... Ауыр саяси жағдайлардан ол елдерде (Африка елдерін айтып отыр) төңкерістер жиі болады. Бірақ олар экономикалық прогресті және елдің жалпы дамуын тежейді. Бұл кедейлікті арттырады, сөйтіп цикл қайтадан басталады, ақырында мемлекеттілікті қатерге тігеді».

Бірінші рет қырғыздың Ақ үйін басып алу мен наразылық шаралары президенттің қашуы және революциямен аяқталған жоқ. Жағдай тұрақталып жатқан сияқты... Данияр Қайыртайдың материалы.


Қырғыстан

Хабарламаларға жазылу