Праймериз: «Nur Otan» партиясына 1410 жаңа мүшелер тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Праймериз: «Nur Otan» партиясына 1410 жаңа мүшелер тартылды

09.10.2020

«Nur Otan»-ның барлық деңгейдегі мәслихаттарға арналған партиялық тізімі 60 пайызға жаңарады. Бұл туралы жақтастар лигасымен кездесуінде Бауыржан Байбек айтты. Оның сөзінше праймериз «Nur Otan» партиясына жаңа мүшелерді тартуға мүмкіндік берді. Саяси науқан барысында оның қатарына жаңадан 42 мың адам қосылуға ниет білдірген. Жалпы бұл партияішілік саяси додаға 10 мыңнан аса адам қатысқан. Олардың ішінде 1410-ы қазіргі мәслихат депутаттары. Алайда олардың 213-і бұл іріктеуден өте алмапты. 

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
-Біз қазір сол арқылы кеше ғана филиал басшылары, әкімдер халықпен кездесті. Көп адамдар шығып айтты бізге мүмкіндік берілді. Айтылмаған мәселеге бізге алаң берілді. Біз ашық айттық. 216 бағдарламаны біз жарияладық. 21 мыңға жуық әртүрлі ұсыныстар алдық. Біз оны ертең енгізетін боламыз.

Сондай-ақ елордада онлайн режимде праймериз қорытындыларына арналған жиын өтті. Саясаттанушылардың пікірінше бұл науқан келер жылы болатын Парламент сайлауына жақсы дайындық болды. Мамандардың айтуынша сайлаушылар өз дауыстарын әлеуметтік желіде танымал адамдарға емес бұрыннан таныс, сенімді кандидаттарға көбірек берген.

Индира Рыстина, Еуразия ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының меңгерушісі: 
-Жалпы саясатқа деген қызығушылық туды. Сонымен қатар әр адамның мүмкіндігі бар деген түсінік қалыптаса бастады. Яғни сіз жай ғана үйде отыра берсеңіз қоғам өзгермейді. Сіз жай ғана айқайлап отыра берсеңіз қоғам өзгермейді. Қоғамды өзгерту үшін өзіңіз бағдарлама жасау керек екенін халық түсіне білді деп ойлаймын.

Шерхан Жамбылұлы 

Nur Otan Праймериз

Хабарламаларға жазылу