Елде маска арзандайтын болды. Қорғаныш маскалары 40 теңге, бір реттік медициналық бетперде 60 теңгеден аспауы тиіс. Бұл туралы Вице-Премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды. ПТР тестілеу бағасы да төмендеуі мүмкін. Мәселе бизнес-қоғамдастық пен салалық қауымдастықтардың қатысуымен пысықталып, комиссияның келесі отырысына шығарылады.
Ал пандемия кезінде қайтыс болған медқызметкерлердің жақындарына өтемақы төлеу 13 қазанда аяқталуы тиіс. Осыған байланысты Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне, өңір әкімдеріне нақты тапсырма жүктелді. Сонымен қатар, Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне тұрақтандыру қорындағы дәрілік заттар резервін ұлғайту тапсырылды.
Дарын Сағитов