Еліміз бойынша коронавирусқа шалдыққан балалар саны 70-ке жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша коронавирусқа шалдыққан балалар саны 70-ке жуықтады

08.10.2020

Алматыда 8 оқушы індет құрығына ілікті. Олар қашықтан оқып жатыр. Ал, Солтүстік Қазақстанда 10 оқушы коронавирус жұқтырған. Еліміз бойынша қатерлі кеселге шалдыққан балалар саны 70-ке жуықтады.     

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған он оқушының бесеуінде ауру белгісі жоқ. Ал үш бала инфекциялық ауруханада, қалғандары үйде ем қабылдап жатыр. Олармен жақын қарым-қатынаста болғандар оқшауланды. Жалпы өңірде індеттің екінші толқынына дайындық қызу. Бас дәрігердің айтуынша, емдік препараттардың 3 айға жететін қоры бар. 

Қабдірақман Сақтағанов, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 
-Маусым-тамыз айларында коронавирус инфекциясын емдеу үшін 432 миллион теңгеге дәрілік препараттардың 26 түрін сатып алынды. Облыстағы барлық стационарларда 3 айға жететін дәрі-дәрмек бар. Бұған қоса, Сovid-тің екінші толқынына дайындық ретінде тағы 217 миллион теңгеге дәрі сатып алмақпыз.

Ал, Маңғыстауда бір күнде 9 адамға пневмония диагнозы қойылды. Бұл ақпаратты облыстың бас санитар дәрігері мәлімдеді. Кеше провизорлық орталыққа 14 науқас жатқызылған. Оның ішінде 9 адамнан пневмония анықталды. Ал бүгін тағы 3 адамнан қатерлі індет табылған. Сонымен стационарда қазір 53 науқас емделіп жатыр.

Жамал Жаманбаева, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 
-Екінші толқынның басталуы алыс емес. Өйткені, жайлап аурулар шығып жатыр. Сондықтан біз төсек орындарды көбейтіп бастадық. 1835 төсек орын дайын тұр. Оған қосымша 200 орындық модульдік инфекциялық стационар бар. 

Жалпы аймақта пандемия басталғалы 3300-ден астам адам коронавирустық инфекцияға шалдыққан. Оның - 97 пайызы жазылып шықты. Өкінішке орай, 72 адам қайтыс болды. 

коронавирус

Хабарламаларға жазылу