Ресейдің Рязань облысында Желтухино ауылының маңында шөп өртеніп, жалын оқ-дәрі қоймасына түскен. Салдарынан жарылыс болып, 1,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 23 адам жарақат алды. Қорғаныс министрлігіндегілер қазір снарядтар 15-25 минут сайын жарылып жатқанын мәлімдеді.
Дмитрий Булгаков, РФ Қорғаныс министрінің орынбасары:-Эвакуацияланған адамдар қазір арнайы мекемелерде орналастырылды. Шамамен 100 адам. Өртті ауыздықтау үшін 650-ден астам әскери қызметкер, 200-ге жуық техника жұмылдырылды. Себебі анықталуда.
Индира Бегайдар