Елорда дәрігерлері сақтық шараларын сақтауға шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда дәрігерлері сақтық шараларын сақтауға шақырады

08.10.2020

Эпидмаусым кезінде денсаулықты күтуге баса мән берген маңызды. Ол үшін жеке бас гигиенасын сақтау керек дейді мамандар. Сондай-ақ жұмыс орны мен бөлмелерді жиі желдетуге шақырды. Әсіресе, қашықтан жұмыс істейтіндер ескеруі тиіс. Қауіпті аурудың алдын алу үшін ақ халаттылар бірқатар кеңесін айтты. 

Баян Тұрдалина, Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті: 
Бетперде тағып, қолын жиі жуып тұруын үйрететін болсаңыз, сіз тек коронавирустық инфекциядан ғана емес, балаңызды эпидмаусымында кездесетін барлық вирустық инфекциядан қорғай аласыз.
Роза Қалдыбекқызы, эпидемиолог: 
2-3 адамнан жиналмауымыз керек. Топтаспауымыз керек. 

Мадина Жолдас

коронавирус дәрігер кеңесі

Хабарламаларға жазылу