Қазақстанда 145 колледж 332 мамандық бойынша студенттерді оқытпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 145 колледж 332 мамандық бойынша студенттерді оқытпайды

08.10.2020

Қазақстанда 145 колледж енді 332 мамандық бойынша студенттерді оқытпайды. Білім және ғылым министрлігі жүргізген мониторинг барысында оқу процесіне қажетті құрал-жабдықтардың, мұғалімдердің біліктілігі мен білім алуға тиісті жағдайдың жасалуы тексерілген. Нәтижесінде жекелеген мамандықтар бойынша лицензияны қайтару туралы шешім қабылданды. Көпшілігі - нарықта сұранысы төмен мамандықтар. Министрлік білім ордаларына осы уақытқа дейін оқуға түскен студенттерге колледжді аяқтауға мүмкіндік берген.

Мадина Жолдас

Білім және ғылым министрлігі білім лицензия

Хабарламаларға жазылу