ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласындағы жаңа жолаушылар терминалының салыну барысымен танысты. Жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «SCAT» әуе компаниясының жеке инвестициясы есебінен іске асырылуда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды. Жаңа жолаушылар терминалының ауданы - 35 000 шаршы метр, 4 қабатты ғимарат болмақ.
«SCAT» авиакомпаниясының президенті Владимир Денисов жаңа терминалдың өндірістік қуаты, транзиттік жолаушыларды тарту жоспарлары туралы, құрылыс кезінде пайдаланылатын қазіргі заманғы материалдар турасында баяндады.
2020-2025 жылдарға арналған жоба мегаполис тұрғындары мен қонақтарын жайлылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.