Мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлық алуға тыйым салатын заңға Президент қол қойды. Құжатқа сәйкес квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік бюджет қаржысымен жұмыс істейтін мамандарының статусы да мемлекеттік қызметкерлермен теңестірілген.
Сондай-ақ жедел іздестіру қызметі мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметкерлерінің арандатушылық әрекеттеріне де қатаң жаза тағайындалады. Бүгін осы тақырып аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді. Агенттік төрағасы бірінші орынбасарының сөзінше, мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынып отыр. Атап айтсақ, 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлықтар тарту қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Фариза Мұсақызы