Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыс түні бойы тоқтаған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыс түні бойы тоқтаған жоқ

07.10.2020

Өткен түнде Әзірбайжан әскері мен Арменияның арасындағы жанжал тоқтаған жоқ. Қарулы қақтығыс майданның барлық шебінде тіркелді. Әзірбайжан Ереванды өз қалаларына шабуыл жасады деп айыптап отыр. Таулы Қарабақ күштері өткен айдың соңынан бері 280 адам жоғалтқан. Әзірбайжан әскерінен қанша жауынгер мерт болғаны әзірге белгісіз. Бакуге сапарында Түркия сыртқы істер министрі халықаралық қауымдастықтың даулы аймақтағы соғысты тоқтату әрекеттеріне қанағаттанбайтынын мәлімдеді.

Мевлют Чавушоғлы, Түркия сыртқы істер министрі:
Біз көріп отырмыз, бүкіл әлем дереу ымыраға шақырады. Содан кейін не? Осыған дейін де тараптар бітімге келді, әрі қарай не болды? Армения шабуыл жасады, Әзірбайжан кек қайтарды. Халықаралық қауымдастық атысты тоқтатуға үндеді, жанжал қайта жалғасты. Әлем Арменияға Әзірбайжан жерінен әскеріңді әкет деп айта ала ма өзі?

Арыстан Рысбек

Таулы Қарабақ Әзірбайжан Армения

Хабарламаларға жазылу