Шетелден келген жолаушылар қатаң бақылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелден келген жолаушылар қатаң бақылауда

07.10.2020

Шетелден Нұр-Сұлтанға ұшып келген тағы 123 жолаушы оқшауланды. Ал 2 жолаушы қайтадан еліне қайтарылды. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақтар Шарм-эль Шейх, Стамбул, Минск және Дубайдан ұшып келген. 521 жолаушының 123-де ПТР тест анықтамасы болмаған. Әзірге жолаушылардың ешқайсысынан дене қызуы анықталмады. 

Елге оралып жатқан жолаушылар арасында шу шығарып, карантиннен қашпақ болғандары да бар. Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркиядан келген 22 адам COVID-19-ға тест тапсырудан бас тартты. Түрлі себептермен карантиндік стационарға кіргісі келмеген жолаушылар автобуста отырып алған. Дегенмен, тәртіп сақшылары мен дәрігерлердің ұзақ түсіндірме жұмыстарынан кейін олар санитарлық талаптарды орындады.

Жанар Ксанова, №3 көпсалалы аурухана директорының орынбасары:
Жолаушылар медицина мамандарымен дөрекі сөйледі. Менің ойымша, әр дам өзінің денсаулығына аса жауапкершілікпен қарау керек. Қазіргі алдын алу жұмыстары уақытында қолға алынған әрі маңызды шара. Осына түсіну қажет. Бәрі – халық үшін жасалып жатыр. Әрине, отандастарымыздың осындай дөрекі қылықтары қуантарлық жағдай емес.


коронавирус ПТР тест

Хабарламаларға жазылу