«Астана» президенттік кәсіби спорт клубы таратылды. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Асқар Баталов айтты. Соған сай үлкен спортты қаржыландыру схемасы өзгермек. Ақша енді «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы клубтарға тікелей берілмек. Яғни, ол спорт құрылтайшысы ретінде барлық құқықтар мен міндеттерді өзіне алады. Мұндай шешімнің қабылдауына, көп деңгейлі есеп-қисап пен қыржылық қызметті, сондай-ақ, әкімшілік және басқарушылық құрамды ұстауға жұмсалатын қыруар шығынды жою түрткі болған.
Асқар Баталов, «Samruk-Kazyna Trust» ӘЖДҚ бас директорының орынбасары:
Пандемия салдарынан бюджет қысқартылғаннан кейін қаржыны үнемдеу керек. Ақшаны бірнеше оператор арқылы беру тиімсіз. Жыл соңына дейін 2021 жылдың жоспары жасалады. Футбол, баскетбол, «Барыс» хокей клубтары және «Astana Pro Team» кәсіби велокомандасы жұмыстарын жалғастырып, тікелей «Самұрық-Қазына» қорынан қаржыландырады.
Армангүл Тоқтамұрат