Астанадағы асар. Елордада жомарт жандар күш біріктіріп тұрмысы нашар отбасыларға үй салуға кірісті. Қасиетті рамазан айында бастау алған игілігі мол іске қайырымдылық қоры мұрындық болған. Бастамашыл топ жанашыр жандардан қаржылай, заттай көмек жинап, әуелі баспана салып, кейін жұмысқа орналастыруды қолға алды. Тіпті асарлатқандардың арасында тиынды тиынға құрап отырғандар да бар екен. Азамат Нұғыманов іргетасы қаланған алғашқы үйдің құрылысын көріп келді.