Былтырмен салыстырғанда 9,5% яғни 86 млрд теңгеге көбейіп кеткен. Несиені кешіктіргендердің көшін әдеттегідей Алматы бастап тұр. Мегаполисте қайтарылмаған кредит 564 млрд-қа жеткен. Алматыдан соң Нұр-Сұлтан. Қарызды уақытында қайтармағандардың сомасы 130,6 млрд-ты құрап отыр. Үштікті Шығыс Қазақстан түйіндеді. Тұрғындардың кешіктірілген кредиті 87,1 млрд теңге. Бұдан бөлек, Шымкент, Атырауда да қарызын қайтармағандар аз емес. Ал Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облысында керісінше, несие берешегі басқа өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай аз.
Ақерке Бектас