«Ауыл» партиясы мұқтаж отбасыға баспана салып берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл» партиясы мұқтаж отбасыға баспана салып берді

06.10.2020

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының белсенділері Сыр өңірінде мұқтаж отбасыға тұрғын үй тарту етті. Қайырымды іске ауыл жастары ұйытқы болған. 

Олар Жаңақорған ауданы Келінтөбе елді мекенінде баспана тауқыметін көріп келген жанұяға көмек қолын созып, үй салып берді. Жомарт жандардың барлығы «Ауыл» партиясының мүшелері. Ал жаңа қонысқа ие болған отбасы қамқорлық көрсеткен азаматтарға риясыз алғысын білдірді. «Бұл игі бастамаға өзге өңірлер де үн қосып, жақсылық жасауға шақырамыз», - дейді ауылдықтар.

Серікбай Өмірзақов, «Ауыл» ХДПП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы:
Жұмысты атқарып жатқан - жастар. Барлығы «Ауыл» партиясының мүшелері. 

Әділбек Серікұлы

Ауыл партиясы баспана

Хабарламаларға жазылу