6-шы қазанға арналған ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6-шы қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2020

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның көптеген аймақтарында солтүстік-батыстан жақындаған суық антициклонға байланысты ,ауа температурасы түнде минуске дейін төмендеп, кей жерлерде қар түрінде жауын-шашын күтілуде.

Қазақстанның cолтүстік бөлігіндегі қалаларында күн суып, қар аралас жауын жаууы ықтимал. Мәселен, Көкшетау, Қостанай, Петропавлда көшпелі бұлт шықса, Павлодар жақта қар түседі деген болжам бар. Күндіз плюс +4 градус. Қарағанды мен Жезқазғанда «Қазгидромет» хабарлауынша, күн бұлыңғыр. Күндіз +5,+10, түнде +3, -1.  

Шығыстан келетін циклонға сәйкес, жел 4-10 м / с-қа дейін соғады, түнде және таңертең көктайғақ болуы ықтимал. Өскемен мен Семейде қар аралас жауын жауады. Күндіз сынап бағанасы +5,+3. Ал, еліміздің батыс өңірлерінде керісінше күн ашық. Бұл аймақтың тұрғындары енді ғана күз мезгілінің мизам шуағына шомылып, рахатын сезінуде. Синоптиктер болжамы бойынша күндіз 13,20, түнде +2, +14 градус.  

Республикамыздың оңтүстігі Тараз, Түркістан мен Қызылорда жақта да күн ашық. Ауа температурасы күндіз +11,16 градус жылыны көрсетеді, ал түнде +7,+8. Талдықорғанда да күн жылы, аздап жауын жауады деген болжам бар. Термометр бағаны күндіз +12-ні көрсетеді.   Шымкент қаласында әдеттегідей күн ашық. Шуақты. Күндіз 18, түнде +8.  Алматыда, керісінше жаңбыр күтілуде. Күндіз +11 градус. Нұр-Сұлтанда синоптиктердің хабарлауынша, ауа температурасы сәл жылынады, сынап бағанасы күндіз +6, түнде +1.  


ауа райы 6 қазан

Хабарламаларға жазылу