Елімізде суға шомылу маусымы басталды. Құтқарушылар, көбіне жүзе білмейтіндерден гөрі, жүзуге машықтанған адамдар көп зардап шегеді дейді. Себебі олар өз күштеріне тым сенімді. Ойланбастан тереңге жүзіп, жағадан ұзаққа кетіп қалады. Кейін әлсіреп жүзуге қауқары болмай бата бастайды. Дәл сондай сәтте зардап шегушінің жанына бірінші болып жағажай құтқарушысы жетеді. Ал осы жанашыр жандардың жұмысы қаншалықты ауыр? Тілшіміз Жанкелді Ғапбасов танысып келген еді.